• Оңтүстік - Шығыс Азияны Еуропамен және Орта Азиямен байланыстыратын Ұлы Жібек Жолының түйіскен жерінде орналасқан Қазақстан айрықша маңызды орын алады, себебі ең ірі жаһандық инфрақұрылымдық жобалардың бірі болып табылатын Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық транзит дәлізінің бір бөлігін құрайды. 
  • Қазақстан бұл дәліздің маңызды қатынас телімі болып табылатындықтан, бұл бастама әлемдік сауда мен өңірдегі жұмыспен қамту деңгейін арттырады деп күтілуде.
  • «Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы» жобасы ҮАААЖ», «ҮАААЖ жобасы» немесе «Жоба») МЖС жаңа заңнамасына сәйкес 2015 жылдың қаңтарында Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігімен жарияланды.
  • «Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы» жобасы – Қазақстандағы осындай жобалар бойынша жаңа нормативтік қорға сәйкес құрылған алғашқы мемлекеттік-жеке серіктестік («МЖС»), сондай-ақ мұнай-газ секторынан тыс алғашқы ірі жеке меншік жоба болып табылады.
  • ҮАААЖ бүкіл Орталық Азиядағы алғашқы МЖС болуымен қатар, ол сондай-ақ жеке инвестициялардың ауқымды көлеміне ие Қазақстанның мұнай-газ секторынан тыс алғашқы жоба болып табылады.
  • Жоба беделді әлемдік ұйымдар қолдау көрсетіп отырған инфрақұрылым саласындағы жаһандық бастаманың – «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» транзиттік дәлізінің түйінді бөлігі болып табылады.
  • Оңтүстік - Шығыс Азия, Еуропа мен Таяу Шығыстың тоғысқан жері ретінде жоба экономикалық қызметтің түрлері үшін жерүсті тасымал мен сауданы жеңілдетуге мүмкіндік береді.
  • Жобаны өз өңірлеріндегі инфрақұрылымдық жобаларда ғана емес, бүкіл әлем бойынша МЖС жобаларында үлкен тәжірибеге ие кеңінен танылған фирмалардың түрік-корей серіктестігімен құрылған «ҮАААЖ Инвестициялар мен Операциялар» ЖШС жүзеге асырады.

Жоба аяқталғанда, ҮАААЖ Қазақстанның көлік секторындағы, сондай-ақ жеке қаржыландыруды тартуға қажет басқа секторлардағы жаңа МЖС үшін негіз болмақ.