• ҮАААЖ Орталық Азия мен Шығыс Еуропаның арасындағы көпір ретінде қолданылатын, сондай-ақ Алматы қаласының айналасындағы көлік қозғалысын жеңілдететін ауқымдағы бастамамен қолға алынған Қазақстандағы алғашқы жоба болып табылады.
  • Жоба Алматы қаласының айналысында ұзындығы 66 км автомобиль жолы (көпірлер мен жол айрықтарды қоса алғанда) болып табылады, негізгі мақсаты – жол жүру уақытын қысқарту және Алматы қаласының айналасындағы ауаның ластануын азайту, ол сондай-ақ «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізіндегі шешуші түйін болып табылады. ҮАААЖ жолы 4-6 жол жүру жолақтарынан тұрады, бұл ретте жалпы ұзындығы 9 км құрайтын 4-жолақтық қозғалыс телімдері жолға кіреберістер мен шығаберістерде орналасқан, ал 6-жолақтық жол жүру телімдері бүкіл қалған 57 км қашықтықты қамтып жатыр. Жобада 11 телім, 22 қиылыс, 21 көпір, 19 эстакада, әр кірген сайын төлем алу пункттерімен жабдықталған төлем қабылдау жүйесі болады.
  • Қытай, Қазақстан мен Ресейде 12 жеке жобадан тұратын дәліздің жалпы ұзындығы Қытайдағы Ляньюньган кемежайынан Ресейдегі Санкт-Петербург кемежайына дейін 8 000 км астам болады деп күтілуде.
  • Автомобиль жолы Алматы облысының Қарасай, Іле және Талғар аудандары арқылы өтетін Алматы қаласының қала маңындағы аудандарында, сондай-ақ елордамыз Астана қаласының сыртқы аудандарында жол жүруге арналған. 
  • Жобаның ары қарайғы артықшылықтарына жол-көлік оқиғаларының санын қысқартуды, орташа қозғалыс жылдамдығын арттыруды, жүк тасымалының көлемін ұлғайтуды қамтиды, бірақ шектемейді.